«Жаңа мектеп» жобасы

Аллаға шүкір, ата-бабаларымыздың, халқымыздың көптеп күткен арманы орындалып келе жатқан сияқты! Жылдан жылға жас ұрпақ дүниеге келіп, балабақшаларымыз бен мектептеріміз толығып, бір қуанышты сезімге бөленіп келеміз.

Әсіресе, 1 қыркүйек - Білім күнінде мектептерге жиналған кішкентай бүлдіршіндердің сап түзеп, мектеп басшылығы класстың литерін белгілеуге әріп таппай, балаларды отырғызуға орын іздеп жүгіріп жүргенін көргенде, іштей толқып, сүйсіне қарап, көзіңе жас келеді.

Осыған сәйкес мемлекетіміз де мектеп санын арттыру үшін бес жылдық қарқынды жұмыс жоспарын жасап, елдегі беделді құрылыс компанияларына тапсырыс беріп жатыр.

Біз де осы бағытта ел басшылығының иығына түскен жүкті арқаласу үшін, ауыл мектептерін салып, балаларымызға білім беру жұмысына араласа бастадық.

Менің ойымша, технологиялардың даму заманында мектеп салу күрделі іс емес. Қазіргі кезде біз 300, 600, 1200, 2000 орындық мектептердің жобаларын дайындап, олардың құрылысын жүргізуге қамданып, өңір басшыларына өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Осындай бір мектептің эскизін төменнен тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар

Ал енді мектеп салынғаннан кейін балаларымызды қалай тәрбиелейміз? Болашақта еліне қызмет етуге жарайтын, ақылы мен білімі тоғысқан, ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан ұрпақты қалай дайындаймыз?

Осы сұрақты шешуде әрине біз ұлы ұстазымыз, кемеңгер Абай атамыздың ілімдеріне тоқтаймыз. Абай атамыз қазақ баласын ыстық қайратты, нұрлы ақылды және жылы жүректі етіп көргісі келген жоқ па? Онда неге бұл істі жалғастырмасқа?

Ендеше, біз салатын барлық мектептер Абай мектептері болып аталатын болады. Оның мазмұны Абай атамыздың «Толық адам» тұжырымдамасы бойынша ұйымдастырылады. Балаларымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, болашақ ғалым етіп дайындауға барлық күш жігерімізді, ақыл ойымызды жұмсауға бел байладық. Бұл іс, меніңше, елдік шара болуы керек! Сондықтан да іске ат салысамыз, өзіміздің ой үлесімізді немесе қаржылық үлесімізді қосамын дейтін азаматтарды қуанышпен қарсы аламыз! Бұл жобаға келіп қатысамын деушілерге есігіміз айқара ашық! Қош келіңіздер! (Төменде мектеп эскизінің суреттерін қою керек!)

Қызығушылық танытсаныз, батырманы басыныз